Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың филологтары латындандыруға қатысты республикалық вебинарға қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың филолог мамандары республикалық вебинарға қатысты.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалдары – Павлодар облысы бойынша және Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттары бірлесіп «Тіл және қоғам. Латындандырудың мәні» пікірталас форматындағы республикалық вебинарын өткізді.

Жиында ел Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ШҚО бойынша филиалының доценті, ф.ғ.к. А. Сейілхан, «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар филиалының аға оқытушысы О. Эртисхан, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы Т. Мүрсәлімов және т.б. баяндама жасады.

Вебинарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей т.б. қалаларының өкілдері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың филолог мамандары қатысты.

Вебинарда латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша білім беру үдерісін ұтымды ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы

Қазақ
× You found a Typo