Физикалық мамандықтар студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесі – оқу процесінің ажырамас бөлігі. Бітіретін курс студенттері облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында және ғылыми мекемелерінде тәжірибеден сәтті өтті. Новосібір ядролық физика институтында үш студент 13 апта жұмыс істеді.
«Ядролық физика», «Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы» мамандықтарының 2-3 курс студенттері «ТехноАналит», «ВостокМетСервис», «Октеракт», «Ұлттық ядролық орталық» өндіріс орындарында іс-тәжірибеден өтіп жатыр.
Үш апта ішінде олар кәсіпорынның өндірістік құрылымымен танысады, өндірістегі жабдықтарды орналастыру түрлерін, қолданылатын өлшеу құралдарының түрлері мен жобаларын зерттейді, осы құрылғылармен жұмыс істеуде практикалық дағдыларды, физикалық зерттеулер әдістерін меңгереді.
Физика және технологиялар факультеті