Ғалымдар З. Самашев пен Е. Қариевтің жетекшілігіндегі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми-зерттеу тобы Ақбауыр кешеніндегі археологиялық зерттеулерге қатысуда.
Жұмыстарға Ғылым академиясы, «Берел» мұражайы, облыстық мәдениет басқармасының ғылыми мекемелері де атсалысуда.
Зерттеулер облыс әкімдігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2019-2021 жылдарға арналған археологияны дамыту жобасы аясында іске асырылып жатыр.
Жоба шеңберінде ШҚМУ ғылыми тобы Елеке Сазы жазығына барады, онда өзге университет ғалымдарымен бірге ерте сақ дәуірі қорғандарын зерттейді, ШҚМУ-ға «Бек» қорғанын зерттеу жүктелген.
Сондай-ақ, студенттер жыл сайынғы жазғы археологиялық мектепке де қатысады.
Шілде мен тамызда топ Берел қорғандарындағы жұмысты жалғастырып, ғұн-сяньби заманының ескерткіштерін зерттемек.
Баспасөз қызметі