С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың кәсіби бағдар берушілері Өскемендегі №15 мектеп түлектерінің ата-аналарымен кездесті.
С. Бейсенова мен А. Әбілмәжина ата-аналарға ЖОО, оның құрылымы, дайындық бағыттары, білім бағдарламалары, әскери кафедра туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, ҰБТ-ның жаңа ережелері, студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары жайында хабардар етті.
11 сынып оқушыларының ата-аналарына таныстырма материалдары үлестірілді.
Баспасөз қызметі