«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кәсіптік бағдар беру десанты» акциясы жалғасуда. 25 ақпанда бағдар беру жұмысы Өскемендегі №18 мектепте, №10 гимназияда және «Восток» облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінде өтті.
Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Е. Ситникова, Шет тілі кафедрасының аға оқытушылары А. Козлова, С. Бейсенова, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының маманы Ж. Болатова, Жоғары колледж оқытушылары А. Құрмышева, А. Серікпекұлы университет пен Жоғары колледжді таныстырып, оқуға түсу шарттарын түсіндірді, жаңа білім беру бағдарламаларының тізбесін ұсынды.
9-шы және 11-ші сынып оқушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасына қызығушылық танытып, ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша сұрақтар қойды.
Түлектер оқу кезінде әлеуметтік қолдау шаралары жүйесіне де ерекше назар аударды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру ортал