С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Мейірім» еріктілер клубы түрлі қайырымдылық іс-шараларын өткізіп келеді.
13 қараша 1997 жылдан бері Дүниежүзілік мейірім күні (World Kindness Day) болып табылады.
«Мейірім» клубының мүшелері баршаны ізгілік жасауға үндейді.
– Әрдайым амандасып жүріңіздер, «рахмет», «оқасы жоқ», «кешіріңіз» деген сөздерді жиі айтыңыз, ата-анаңызға, туысқандарыңызға телефон шалып, қалдарын біліп тұрыңыз, ұстазыңызға, кітапханашыға, асхана мен гердеробтағы қызметкерлерге алғыс айтуды ұмытпаңыз, егде адамдар мен балаларға жолдан өтуге көмектесіңіз, үнемі күлімдеп жүріңіз, ғимаратқа кірерде есікті ашып, артыңыздан келе жатқан адамды күте тұрыңыз. Мұның бәрі қиың емес қой. Аз да болса мейірімді, қайырымды болайық! – дейді клуб белсенділері.
Баспасөз қызметі