Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Жеңіскүл Жантасова мен химия аға оқытушысы, PhD докторы Мәншүк Нықмұқанова Британияның бас қаласы – Лондондағы Барлингтон мектебінде (Burlington school) ағылшын тілі бойынша курстардан өтуде.
Үштілділік бағдарламасы аясында және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ басшылығының қолдауымен оқытушылар тағлымдамадан наурыздың 6-ы мен 22-і арлығында өтуде.
Бұл курстар ағылшын тілінде нағыз қарым-қатынасты жетілдірудің ортасы болып отыр: бір топта түрлі елдерден бір-бірімізбен сөйлесіп, түсініп, ағылшын тілін меңгереміз деген білім алушылар біріккен.
Ағылшын оқытушылары күнделікті білім алушылардың іс-әрекеттерін ширату мақсатымен түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда: ойын әдістері, шағын топтарда жұмыс жасау, мәселені талқылап, шешімін табу (CASE-әдістер) және т.с.с.
Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы