С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы бүгінде студенттер, магистранттар, докторанттар үшін 30 шақты қызмет көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік қызметтер де бар.
Қызмет көрсету электронды кезек тәртібімен іске асырылады.
Қызметтер ішінде транскрипті аудару, қалпына келтіру, беру, академиялық берешекті жою, аты-жөнді ауыстыру, оқу орнынан анықтама беру, емтихан сессиясын ұзарту, тұрғылықты орын бойынша тіркеу, шетелдік студенттерді тіркеу, әскери есепке тұрғызу, Студенттер үйлеріндегі орындарды бөлу және басқалар бар.
Қызметтерді тіркеу кеңсесінің, студенттік іс жүргізу бөлімінің, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің, халықаралық байланыстар бөлімінің, паспорт үстелінің қызметкерлері көрсетеді.
«PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығының порталы: https://vkgu.kz/kk/page/parasat-studentterge-kyzmet-korsetu-ortalygynyn-portaly.html
Баспасөз қызметі