- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Өскемен қаласы жоғары оқу орындарының студенттері арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде пікірсайыс өтті.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясындағы пікірсайысқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан екі команда қатысты. Бір команда үздік топ атанса, үздік спикер атақтарына «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Әмина Тәйшікенова мен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенті Әділ Манапбай ие болды.
Пікірсайысқа ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жанна Әубәкірова мен Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Майра Шүршітбай төрелік етті.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы