С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қорытынды жаңажылдық кешіне қатысты.
Студенттер мың бұрала билеп, әуездете ән салып, өлең оқып, өнерлерін көрсетті, көптің ықыласына бөленді.
– Бұл кеш жадымызда мәңгі сақталады. Біз бағындырар белес көп! – дейді белсенді жастар.
«Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымы