- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымы Наурыз мерекесіне арналған сайысқа қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды.
Наурыздың 15-і «Шамшырақ» ұйымының таланттары үшін ерекше күн болды. Әз-Наурыз қарсаңында, Амал күнінде Өскемендегі облыстық Пушкин кітапханасында өткен сайыста жастар ұйымы өз-өзін көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Үш кезеңнен тұрған сайыс өзіндік қызық-шыжыққа толы болды. Алты команда қатысқан додада «Шамшырақ» ұйымы екінші орынды иеленіп, ағарып алдан көрінді.
Қайыржан Басбақбаев,
тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі маманы