Қосдипломды білім беру аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да үш магистрант магистрлік диссертация қорғады.
ШҚМУ-да «Экологиядағы және табиғатты пайдаланудағы математикалық үлгілеу және ақпараттық технологиялар» бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша Ресейдің Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университетінде білім алып жатқан магистранттар М. Жанахметова, С. Сәрсекеева, Е. Қайырбеков магистрлік диссертацияларын қорғады.
Магистрлік диссертацияны қорғауға ШҚМУ мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен қатар Алтай мемлекеттік университетінің жетекші ғалымдары – теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Любовь Хворова, аталмыш кафедраның профессоры, т.ғ.д. Николай Оскорбин қатысты.
Диссертациялардың тақырыптары – «Атмосфера – топырақ шекарасындағы температуралық режимнің математикалық модельдері», «Атмосфераның сызықты көздерден ластануының математикалық модельдері», «Атмосфераның тұрақты көздерден ластануының математикалық модельдері». Ғылыми жетекшілері – т.ғ.к., доцент М. Мадияров, т.ғ.к., доцент Л. Хворова, Phd докторы Ф. Әменова, т.ғ.д., профессор Н. Оскорбин.
Магистранттар дайындығы жоғары болып, барлығы өте жақсы деген баға алды.
Мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің пікірінше, қосдипломды білім берудегі алғашқы тәжірибе өзін ақтады және келешекте жалғаспақ.
Математика кафедрасы