Өскеменде оқушылар мен студенттер арасында кәріс тілінен ІІ облыстық олимпиада өтті.
Алғашқы кезеңде қатысушылар шығарма жазса, екінші кезеңде ауызша емтихан тапсырды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Шет тілі: екі шет теле» мамандығының студенттері жеңімпаз атанды. Ана тілі кәріс тілі болып табылатын қазылар алқасының мүшелері ШҚМУ студенттерінің дайындығын жоғары бағалады.
1 орынды 2 курс студенті Шырын Қайыркен, 2 орынды 2 курс студенті Ақбота Қайратова, 1 курс студенті Аяулым Тұрсынханова иеленді.
Жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.
Баспасөз қызметі