ШҚМУ-да «Конституциялық өндіріс» іскерлік ойын түріндегі ашық сабағы өтті. Бұл ойында Конституциялық кеңес төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылар мен мамандардың рөлін студенттер орындады.
Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы Л. Құсманова «Конституциялық өндіріс» іскерлік ойын түріндегі ашық сабағын өткізді. Бұл ойында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылар мен мамандардың рөлін «Құқықтану» мамандығының бірінші курс студенттері орындады.
Студенттер конституциялық бақылау институтына, қорытынды шешім мен қосымша қаулы шығара отырып, мемлекеттік басқару мәселесі бойынша Конституция нормаларын түсіндіруге үлкен қызығушылық танытты.
Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы