BALAUSA - стартап-жобасының авторы және жетекшісі физика және технологиялар кафедрасының шебері Нұрлан Досмұрат «Stratup Bolashak: Менің Арманым» стартап-жобалардың ұлттық конкурсында финалға шықты.
BALAUSA – бұл ұлттық ертегілер мен мультфилмдер негізінде табиғи материалдардан ыдыс-аяқ, жиһаз, ойыншық және киім-кешек өндіру бойынша стартап-жоба.
Н. Досмұраттың айтуынша, жобаның артықшылығы ұлттық бояуды қолдану болып табылады. BALAUSA-ның мақсаты – балалар тәрбиесіне бренд-өнім арқылы үлес қосу.
Қазір жоба аясында цех құрылған. Өндіріс мүгедек жандарды жұмыспен қамту мүмкіндігін береді.
Жас кәсіпкер өнімді көптеп шығаруды көздеп отыр.
Баспасөз қызметі