ШҚМУ-ға дәріс оқу үшін Медицина ғылымдары университетінің профессоры, PhD докторы Ахмет Бейатлы келді.
19 қарашадан 8 желтоқсанға дейін ол Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті химия кафдрасында ағылшын тілінде мына тақырыптарда дәрістер оқиды, семинарлар мен консультациялар өткізеді: «Емдік және хош иісті өсімдіктерді зерттеуде таксономияның өзектілігі», «Этноботаниканың өзектілігі», «Диабетке қарсы емдік шөптер».
Сабақтар күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа) сағат 10-да №1 оқу ғимаратының 257 дәрісханасында өтеді.
Химия кафедрасы