17 қыркүйек күні «Қазақстан және жақын территориялардағы этнодемографиялық процесстер» тақырыбындағы ХVII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.
Тарихы осыдан 20 жыл бұрын басталған конференция ШҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы және Облыстық Достық үйінің қаржылық және ұйымдастырушылық, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми қолдауының арқасында биыл 17-ші рет өткізіліп отыр. Осы 20 жыл ішінде конференция жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Украина, Эстония, Қытай, Германия және т.б. елдерден жүзден астам ғалым қатысты. Аталған шара қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинақтары әлемнің ірі деген кітапханаларында сақтаулы.
Конференция бағдарламасы сілтеме бойынша: https://vkgu.kz/ru/adverts/xvii-mezhdunarodnaya-nauchno-prakticheskaya-konferenciya-etnodemograficheskie-processy-v#overlay=kk/node/7093/edit