С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті Асыл Сәбитова О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің «Кутафин оқулары» XVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Мәскеуде М. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетінің ХХ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің «Кутафин оқулары» XVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Тақырыбы – «Азамат пен бұқаралық биліктің құқықтары мен міндеттері: мүдделер теңгерімін іздеу».
Іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан заң ғылымының кандидаты, доцент Асыл Сәбитова қатысып, «Қазақстанның әкімшілік іс жүргізуіндегі бұқаралық және жеке мүдделер теңгерімінің сәйкестігі» баяндамасын жасады. Ол, сондай-ақ, Кутафин атындағы университет магистранттарына «Қазақстандағы әкімшілік әділет институтының дамуы мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.
О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті мен ШҚМУ арасында биыл ынтымақтастық меморандумына қол қойылған.
Баспасөз қызметі