Күршім ауданы Гагарин атындағы мектептің оқушысы А. Золотавина «Зерде-2019» зерттеу жобаларының және шығармашылық жұмыстардың 14-ші республикалық байқауының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды, жобаның ғылыми жетекшісі - ШҚМУ профессоры С. Нұрғалиева.
5 сынып оқушысы Арина Золотавина 4-7 сынып оқушылары арасындағы байқаудың дипломын иеленді, жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты С. Нұрғалиева.
Байқауды Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған.
Финалда облыстық кезеңдерді жеңген 532 оқушы кездесіп, 422 жоба ұсыныпты.
Баспасөз қызметі