С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Маркетинг және ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы Глубокое кентінде өткен «Менің мамандығым – ел өркендеуінің кепілі!» атты стенд-мобқа белсенді қатысты.
Білім бағдарламаларының таныстырылымы мектеп оқушыларының асқан қызығушылығын туғызды.
Стенд-моб облыста 27 қараша дейін жалғасады. Түлектер өздері тұратын елдімекеннен шықпай-ақ ЖОО қызметімен танысып, ЖОО-лар, колледждер, гранттар туралы толық ақпарат ала алады.
Баспасөз қызметі