Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құқықтану мамандығының студенттеріне сот жүйесін жаңарту тақырыбында дәріс оқыды.
Төраға сот органдарындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы да айтты.
ШҚМУ мен облыстық сот отбасылық психологтарды дайындау, сот органдары үшін стартаптар әзірлеу, дуальді білім беру бағыттарында бірлесе жұмыс істемек.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, облыс соттары – университеттің сенімді серіктестері, ал судьялар мен сот мамандарының көпшілігі – ШҚМУ түлектері. Олар оқу орнына заңгерлер дайындау бойынша өлшеусіз үлес қосып келеді.
ШҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен маман даярлауға қосқан үлесі үшін Н. Қайырбековке Абай атындағы медаль табыс етілді.
Баспасөз қызметі