23 қаңтар күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында«Эпиграф» электронды базасының тұсаукесері болып өтті.
Университетіміздің кафедра меңгерушілері мен оқытушыларының алдында Қазақстанда электронды кітап баспасымен айналысатын және мультимедиялық электронды оқулықтардың бірегей форматын құрастырушы, ең ірі компаниялардың қатарындағы «Эпиграф» компаниясының басшылары Игорь және Павел Гриценколар ұсынылып отырған базаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы кеңінен түсіндіріп, айтып берді.
Бұл ресурстардың толық мүмкіншіліктерін түсіндіре отырып, компания өкілдері университеттің оқытушы-профессорлық құрамындағы авторларды серіктестікке шақырды.
Ғылыми кітапхана