ШҚМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Колледждер кітапханалары дамуының қазіргі бағыттары: тәжірибелері, мәселелері, келешегі» облыстық семинар-практикумына қатысты.
17 мамырда өткен семинарға облыстық Пушкин атындағы кітапхананың, Семей, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Серебрянка қалалары, Саратовка ауылы колледждері кітапханаларының өкілдері де қатысты.
ШҚМУ әдістемелік жұмыс секторының меңгерушісі А. Нұғымарова «Кітапхана қорын қалыптастыру, пайдалану, сақтау ережелері» баяндамасын жасады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, ал белсенділік танытқан ШҚМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері С. Самойлова мен А. Нұғымароваға білім басқармасынан және семинар өткен Өскемен медициналық колледжі әкімшілігінен алғыс хаттар табысталды.
Баспасөз қызметі