С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие бөлімінің маманы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, жоғары санатты педагог-хореограф Тимур Қожахметов «Қазақ халық билері мектебінің әдістемесі: жаңа қойылымдар, жаңа тәсілдер» практикалық семинар-шеберлік сыныбын өткізді.
Семинарды ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжі базасында облыстық білім басқармасы мен «Шығыс» орталығы ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, екі күндік семинардың мазмұнды бағдарламасы жергілікті жерлерде хореографтардың жұмысын ұйымдастыруда, қазақ биін оқытудың инновациялық әдістемелерін қолдануда, ұлттық мәдениет пен тарихи мұралардың жетістіктерін насихаттауда жақсы үлгі болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы