Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ кітапханасы «100 жаңа оқулық» сериясының 48 жаңа оқулығымен толықты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тілінде шыққан оқулықтармен толықты. Былтыр аударылған 18 кітапқа тағы 30-сы қосылды.

Оқулықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басылып отыр.

Осы жолы АҚШ, Ресей, Британия, Франция, Швейцария елдерінің озық оқулықтары келді. Оларды әлемнің үздік университеттерінде қолданады. Тақырыптары дүниежүзілік тарих, халықаралық қатынас, педагогика, құқық, журналистика, әдебиеттану, экономика, кәсіпкерлік салаларын қамтиды. Мәселен, Филипп Котлердің «Маркетинг негіздері», «Стратегиялық менеджмент», «HR Management» оқулықтары бар.

Университет кітапханасы осы еңбектерді оқу үрдісіне енгізу жұмыстарын жүргізіп, көрмелер, таныстырылымдар, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады.

Оқулықтар туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады: https://library.vkgu.kz/page/ruhani-zhangyru.html.

Кітапхана сайтындағы «Рухани жаңғыру» бөлімінде (https://library.vkgu.kz/page/ruhani-zhangyru.html) барлық осы оқулықтар ұсынылған.

Сол жерден пайдалы интернет ресурстарға тікелей сілтемелерді де табасыз, сонымен қатар ашық университет порталы арқылы озық отандық, шетелдік оқытушылардың онлайн-курстарына тегін қол жеткізе аласыз (https://openu.kz).

«100 жаңа оқулық» көрмелері барлық оқу ғимараттарындағы оқу залдарына қойылған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo