«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бір жобасы – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық».
Кітапхана осы оқулықтарды оқу процесіне енгізу бойынша жұмыс атқаруда. Кітаптар туралы көрмелер, презентациялар мен консультациялар өткізілуде, кітапхана сайтында оқулықтар туралы ақпарат ұсынылған –https://library.vkgu.kz/page/ruhani-zhangyru.html. Сондай-ақ, сол сайтта онлайн курстарға қолжетімділік үшін құрылған Ашық университет порталына сілтеме бар (https://openu.kz/ru).
ШҚМУ кітапханасы жаңа оқу жылынан бастап алғашқы 18 оқулықты тарата бастады, олар философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, антропология, инновация, медиа сынды салаларды қамтиды. Осы кітаптар арқылы студенттер әлемнің озық ғалымдары жазған еңбектерді ана тілдерінде оқи алады.
Ғылыми кітапхана