Абайдың 175 жыдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Ғылыми кітапханасы (№1 оқу ғимараты, 303 дәрісхана) оқырмандар назарына «Дана халықтың дара Абайы» кітап көрмесін ұсынады.
Абай мерейтойы – Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиға, ол халықтың тарихи санасын тереңдетуге және елдің рухани мәдениетін жаһандық форматта жан-жақты ілгерілетуге бағытталған. Абай мұрасы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыты. Абай Құнанбаевтың қазақ мәдениеті мен бірлігін дамытуға қосқан үлесі зор. Оның шығармалары әлем әдебиетінің классикасына айналды. Ақын, философ, ағартушы және қоғам қайраткері Абай – Қазақстанның көрнекті тұлғаларының бірегейі.
Студенттер мен оқытушыларды көрмеге шақырамыз!
С. Хасенова,
Ғылыми кітапхана