С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Дефектология» мамандығының 3 курс студенттері Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен ХІ республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысып, 1 орын алды.
ШҚМУ командасында студенттер Вероника Тарасова, Сәния Шыныбаева, Самал Сәлімғожинова болды, жетекшілері – психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті Е. Северинова.
Студенттер теориялық және ғылыми-зерттеушілік дайындықтарын танытып, тіл мүкістігін түзетуде Томатис әдісін қолдану бойынша ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты.
Жарайсыңдар, дефектологтар!
Баспасөз қызметі