Ел ЖОО-лары арасындағы Х жазғы универсиаданың жеңіл атлетика бойынша сайыстары Өскеменде өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы жалпыкомандалық есепте 15 алтын медаль жеңіп алып, 1 орынды иеленді.
2 орынға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 3 орынға Шәкәрім атындағы СМУ ие болды.
Универсиадаға ел қалаларынан 10 ЖОО қатысты.
Спортшылар алдында сөйлеген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген спорттың маңызын атап көрсетіп, жеңімпаздарға наградаларын табыс етті.
3-4 мамыр аралығында секірулер О. Рыпакованың жеңілатлетикалық орталығында, жүгірулер «Восток» стадионында, ядро итеру, найза және диск ату «Олимпиец» спорт кешенінде өткізілді.
Баспасөз қызметі