Облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы базасында жоғары оқу орындары студенттері арасында «Медиация шаралары» байқауы өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Құқықтану» мамандығының студенттерінен құралған «Консенсус» комнадасы аталмыш сайыста екінші жүлделі орынды иеленді.
Команда жаттықтырушысы – азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Марианна Ивановна Дячук.
Баспасөз қызметі