С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Н. К. Аяғанова сайланды.
Жиында комитет төрайымы, сондай-ақ тексеру комиссиясының төрайымы А. Жаппарова 2014 жылдың қарашасынан 2018 жылға дейінгі атқарылған жұмыс туралы есептер берді, аталмыш есептер талданып, жаңа төрайым сайланды.
Қызметкерлер мен оқытушылар кәсіподағының төрайымы болып басым дауыспен қайтадан Нұрбақыт Аяғанова сайланды.
Конференцияға білім мен ғылым саласы еңбеккерлері облыстық кәсіподағы төрағасының орынбасары Елена Александровна Крупко қатысты.
Баспасөз қызметі