Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ кураторы діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу туралы кураторлық сағат өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ математика кафедрасының меңгерушісі діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу тақырыбында кураторлық сағат өткізді. 

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті математика кафедрасының меңгерушісі, математика мамандығының кураторы Ерлан Ерғалиев топ студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің таралуын ескерту және алдын алу» кураторлық сағатЫН өткізді. 

Кураторлық сағатқа студенттер аса белсенді қатысып, елімізде экстремистік, террористік деп танылып, сот органдарымен тыйым салынған діни ағымдар жайлы сөз қозғалды.

Сағатқа факультет деканы, т.ғ.к. Мұратқан Мадияров пен деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымының магистрі Санат Құмарбекұлы қатысты.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo