С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі департаменті Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Үндістан елдерінен студенттерді тарту жұмысын жүргізіп жатыр.
Қазіргі кезде оқу орнында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Оңтүстік Кореядан 125 шетелдік студент білім алуда.
Бүгінде шетелдік студенттерді тарту үшін Ганьсу провинциясындағы (Қытай) ЮНЕСКО ұйымымен, «Қырғызстанның қазақтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен және Нойда университетімен (Үндістан) келіссөздер жүргізілуде.
Баспасөз қызметі