- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы «Латын әліпбиі – жаңа көкжиек» танымдық-әдістемелік семинарын өткізді.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті әдістемелік онкүндігі аясында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірге «Латын әліпбиі – жаңа көкжиек» танымдық-әдістемелік семинарын өткізді. Семинар мақсаты – латын графикасына негізделген ұлттық әліпби мен емле ережелерін таныстыру, үйрету.
Шараға кафедра оқытушылары, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері қатысты. Жиында тақырыпқа қатысты бейнематериал көрсетіліп, қатысушылар емле ережелерімен, латын әліпбиіне қатысты кітаптармен танысты, латын графикасымен жазба жұмыстарын орындап, ойларын ортаға салды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы