- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «IAESTE» Қазақстанның ұлттық комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі (Алматы қаласы) ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
Шарт инженерлік іс және технологиялар, қолданбалық және жаратылыстану ғылымдары салаларында студенттік тағлымдамалармен халықаралық алмасу бойынша ынтымақтастықты қарастырады.
Шартқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының м.а. И.В. Ровнякова мен «IAESTE» Қазақстанның ұлттық комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі атқарушы директоры Л.Ю. Пан қол қойды.
Баспасөз қызметі