- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Алтай филиалы (Өскемен қаласы) ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
Шартқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген және «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директорының міндетін атқарушы С.Н.Сағиев қол қойды.
Тараптардың оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және жетілдіруге септесетін стратегиялық серіктестік келесі бағыттардан тұрады: бірлескен зерттеулер жүргізу үшін персоналмен алмасу, магистранттардың, PhD докторанттардың оқытудан, қысқамерзімді тағлымдамалардан, өндірістік іс-тәжірибелерден өтуі, ғылыми ақпаратпен, материалдармен және жарияланымдармен алмасу.
Мұнымен қоса, бірлескен ғылыми конференциялар, семинарлар, шеберлік сыныптарын, дөңгелек үстелдерді және өзге іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Баспасөз қызметі