ШҚМУ мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Меморандумға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген және Ш. Есенов атындағы КМТИУ ректоры Б.Б. Ахметов қол қойды.
Өзара тиімділік және тәуелсіздікті құрметтеу ұстанымдары негізінде тараптар қызметкерлермен және оқытушылармен алмасуды, бакалавриат, магистратура, докторантура студенттерімен алмасуды, бірлескен зерттеулер жүргізуді, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, академиялық кездесулер мен симпозиумдарды ұйымдастыруды, ғылыми ақпараттармен алмасуды, ғылыми еңбектер мен материалдарды жариялауды ынталандыратын болады.
Мұнымен қоса, серіктес жоғары оқу орнында PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік жасау үшін озық ғалымдар тартылатын болады.
Баспасөз қызметі