С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген профессор, PhD докторы Ахмет Бейатлымен кездесті.
Кездесуде ШҚМУ мен Медицина ғылымдарының университеті (University of Health ciences, Department of Medicinal and Aromatic plants, Istanbul, Turkey) арасында меморандумға қол қойылды.
Тараптар мына бағыттарда әріптестік орнатпақ: химия және биология кафедрасы докторанттарының, магистранттарының, оқытушыларының ғылыми мақалаларын нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық журналдарда бірлесе жариялау, іс-тәжірибелерден, тағлымдамалардан өту және т.б.
Халықаралық бірлескен ынтымақтастық мақсатында ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша ғылыми жобалардың халықаралық байқауларына қатысу жоспарлануда.