С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шығыс Қазақстан облысының тексеру комиссиясы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл меморандумын жасасты.
Тараптар студенттердің мекемеде іс-тәжірибеден өтуін ұйымдастыруға келісті.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттерді бағалау бойынша сараптамалық іс-шараларды бірлесе өткізу, оқытушыларды бюджеттердің орындалуын саралауға тарту, заңдарды жетілдіруге ұсыныстарды бірлесе әзірлеу бойынша да уағдаластық жасалды.
Мұнымен қоса, тараптар семинарларға, конференцияларға, талдау іс-шараларына қатысуды, ақпарат алмасуды, кеңес беруді және өзге де ынтымақтастық шараларын жоспарлап отыр.
Баспасөз қызметі