«Парасат» ғылыми-техникалық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Е. Толысбаев пен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум мақсаты – стартаптарды қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық жасау, серіктестік орнату, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу.
Негізгі міндеттері – жаңа техологиялармен, жобалармен, идеялармен, ақпараттармен алмасу үшін жағдай жасау, өзара тиімді бірлескен стартаптарды және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру.
Ынтымақтастық бағыттары – сарапшылармен, ғылыми-техникалық ақпаратпен, тәжірибемен алмасу, семинарлар, конференциялар, оқыту курстарын ұйымдастыру.
Меморандум мерзімі – 3 жыл.
Баспасөз қызметі