«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында ШҚМУ Жоғары колледжінің кәсіптік бағдар беру тобы ЖОО оқытушыларымен бірге Түркістан, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарында жүр.
Олар 23 мамырға дейін жұмыс істемек.
Осы күндерде барлығы 3 мыңнан астам мектеп түлегімен кездесу өткізілді. Жиындарда университет туралы, бағдарламаның шарттары туралы барынша жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Жоғары колледж оқытушылары Н.З. Қалиакперова және ЖОО ақпараттық-насихат тобының жетекшісі Г.К. Қасымбекова Жамбыл облысында журналистерге арнап брифин өткізді.
Биыл «Серпін» жобасы бойынша Жоғары колледжге 50 грант бөлініп отыр.
Грантпен түскен талапкерлер жатақханамен, медициналық қызметпен, ай сайынғы шәкіртақымен қамтылады, жол шығындары жылына екі рет өтеледі. Ең бастысы білім алып шыққан соң жұмысқа орналастырылады.
Баспасөз қызметі