- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген және Шяуляй университетінің (Литва Республикасы) ректоры Донатас Юргайтис өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық түрлері – оқытушылармен, қызметкерлермен, студенттермен, түлектермен, сондай-ақ ғылыми материалдармен, жарияланымдармен және өзге ақпаратпен алмасу.
Мұнымен қоса, бірлескен мәдени, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, академиялық бағдарламаларды іске асыру, конференциялар өткізу көзделген.
Меморандум 5 жыл әрекет етеді.
Баспасөз қызметі