С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Ұлан ауданы Мамай батыр ауылындағы М. Ломоносов атындағы орта мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар ғылыми, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-өндірістік ынтымақтастық орнату, оқытушылар біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, кітапханааралық серіктестік орнату, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру, іс-тәжірибелер өткізу бойынша уағдаласты.
Құжат бойынша екі жақ оқытушылармен алмасу, жаңа оқу бағдарламаларын жасау, курстық, дипломдық жұмыстарға, әдістемелік әзірлемелерге, оқу құралдарына өзара пікір білдіру, бірлескен конференция-семинарларға қатысу, электронды кітапханалар қорын пайдалану, ақпаратпен және әдебиетпен алмасу бағыттарында жұмыс істемек.
Шарт мерзімі бес жылды қамтиды.
Баспасөз қызметі