Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен В. Белый атындағы Металлполмерлі жүйелер механикасы институты (Беларусь) ғылыми ынтымақтастық шартына қол қойды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Беларусь ұлттық ғылым академиясының В. Белый атындағы Металлполмерлі жүйелер механикасы институты ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шартқа сай тараптар физика, химия, механика, трибология салаларында зерттеулер жүргізуді жоспарлауда.

Бірлескен зерттеулер жүргізуге, диссертациялар жазу барысында кеңес беруге университет пен институт ғалымдары тартылмақ.

Сондай-ақ, конференциялар, симпозиумдар, кездесулер өткізу жоспарланған.

Университет жағынан шартқа «Сыртқы бет инженериясы және трибология» ғылыми-зерттеу орталығы жауапты.

Шарт мерзімі – 5 жыл.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo