Қарашаның 5-26 аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кәсіби бағдар беру мақсатында ауқымды шара өткізді.
ЖОО-ның мобильді топ құрамына енген кәсіби бағдар беруші менеджерлері облыстың барлық аудан орталықтарында және қалаларында болып, 9 мың оқушыға кәсіби бағдар берді.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Білікті маман» қосымша жобасын жүзеге асыру аясында болашақ жастарға мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында ШҚО білім басқармасы және ТжКБ орталығының ұйымдастыруымен 5-26 қараша аралығында «Менің мамандығым – еліміздің гүлденуінің кепілі» атты стенд-моб мобильді тобының жұмысы ұйымдастырылды.
5-29 қараша аралығында 7-11 сынып оқушыларына университеттің менеджер-профориентаторлары аймақтағы барлық аудандар мен қалалардың әкімшілік орталықтарында болашақ мамандық таңдауда көмек көрсетті.
Кәсіптік бағдар беру диалогтық алаңына 9700 оқушы қатысты, сонымен қатар ШҚМУ мобильдік тобы университеттің мамандықтары, ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханалары, кітапхана, оқу ғимараттары және студенттер үйлері жайында ақпараттар берілді.
Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындау орталығы