С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Жоғары колледждің кәсіптік бағдар берушілері Бозанбай ауылы мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуге Ұлан ауданы білім бөлімінің, облыстың кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің өкілдері, мектеп директорлары, ата-аналар қатысты.
Оқушылар университет пен колледждің білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, бейіндік пәндерді таңдау бойынша сұрақтар қойды, кәсіптік бағдар беру экскурсиялары аясында ШҚМУ-ға баруға ниет білдірді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы