Өскеменде «Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция-форумы өтті.
Ұйымдастырушы – республикалық ара шаруашылығы палатасы, қатысушылар – аталмыш палата өкілдері, Ресей мен Қырғызстанның ара өсіретін ұйымдары, салалық ғылыми ұйымдар, омарташылар, ЖОО оқытушылары (Өскемен, Семей, Алматы), ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдар өкілдері.
Жиында биология кафедрасының доценті С. Колосова С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» білім бағдарламасы ашылғанын айтты, ол «Ара және марал шаруашылығы» атты екі траекториядан тұрады.
Доцент білім беру күндізгі оқыту және өндірістен қол үзбей қашықтықтан оқыту формаларында жүретінін атап көрсетті. Қызығушылық танытқандарға үлестірме материалдар таратылды.
Баспасөз қызметі