№20 және №16 орта мектептерінде компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары мамандыққа бағыттау жұмысын өткізді.
Өскемен қаласы №20 және №16 орта мектептерінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ КҮжАТ кафедрасының оқытушылары мамандыққа бағыттау жұмысын өткізді.
Кафедра оқытушылары Н. Әбдеқанова мен А. Жұртпаева кафедрадағы мамандықтар, олардың бірегейлігі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, студенттердің қызықты өмірі жайлы әңгімелеп, оқушыларға кафедра жұмыстары туралы презентация ұсынды. 2018-2019 оқу жылында ашылған жаңа мамандықтар туралы, оқуға түсу шарттары туралы айтты.
Сауалнама жүргізіліп, ақпараттық буклеттер таратылды, сонымен қатар, кафедраның іс-тәжірибе базалары, кафедра түлектерін жұмыспен қамту туралы әңгіме жүргізілді. Кафедра оқытушылары оқушыларды қызықтырған сұрақтардың барлығына жауап берді.
Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы