- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскемендегі Спорт сарайында әйелдер командалары арасындағы волейболдан Азия чемпионаты ашылды, оған көрермен ретінде ШҚМУ оқытушылары, қызметкерлері, студенттері қатысты.
Чемпионат шілденің 11-і мен 18-і аралығында өтеді. Оған 10 команда қатысады, ішінде облысымыздың «Алтай» командасы да бар.
«Алтайдың» бас бапкері Юрия Панченконың айтуынша, Өскемен Әлем чемпионатын өткізуге ниетті, ендеше команда сол сайысқа қатысуға тырысуы тиіс.
Чемпионатқа қатысушы елдер – Жапония, Қытай, Тайбэй, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Шри-Ланка, Иран.
Ойындар кестесін мына жерден көруге болады: https://vkgu.kz/ru/adverts/grafik-igr-cha-po-voleybolu-2018.html
Баспасөз қызметі