- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Тұңғыш Президент күніне орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Жақсылық жасауға асығайық!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
29 қарашада кафедра оқытушылары Өскемен қаласындағы «Бөбектер үйіне» барып, жылы лебіздерін аямай, қолдан келген жәрдемдерін ұсынды.
– Жүректеріңіздегі мейірім оты жалындай берсін, жақсылық пен қайырымдылық әр баланың жүрегіне қуаныш сыйласын. Балалардың алғысы сіздердің отбасыңызға ақ нұр болып жаусын, қайырымды жандар! – деп Бөбектер үйінің ұжымы алғысын білдірді.
Осындай қайырымдылық акциялары әлі де жалғасын таба береді деп сенеміз.
Мерейлі істер жаңа көкжиектерге бастай берсін, ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен! Балаға жасаған жақсылық өзімізге жасаған жақсылық деп білейік, ағайын!
Биология кафедрасы